in

Сел жүру қаупі бар: Алматы құтқарушылары тұрғындар мен туристерге тауға шығуға болмайтынын ескертті

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын тауға барудан бас тартуға шақырды. Олардың мәліметінше, 1 шілдеде Алматы тауларында сел жүру қаупі бар, деп хабарлайды astana24.com ведомствоға сілтеме жасап.

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, 1 шілдедегі "Қазгидромет" РМК-ның ескертуіне сәйкес, қатты жауын-шашынға байланысты Алматы тауларындағы Кіші Алматы өзені алабында сел жүру қаупі бар.

"Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Ауа райы тұрақталғанға дейін Іле Алатауына барудан уақытша бас тартуды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Құтқарушылар сел қаупі бар аймақта келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады: