Ал батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, ауа температурасы күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 35 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус ыстық болады.
Астанада күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +22+24°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматыда күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +28+30°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екіпіні 15 м/с.
Шымкентте күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +29+31°C, желдің жылдамдығы түнде 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.