in

Сорбұлақта жоғалған тікұшақ: екінші адамның денесі табылды

EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары барысында екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды.

Қазір құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр.

Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралын жұмылып, іздеу жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр.

Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. 26 шілдеде тікұшақтың сынықтары Сорбұлақ көлінен табылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.