Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында 200-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Су деңгейі көтерілгендіктен, елдімекен тұсындағы бөгет үш күннен бері нығайтылып жатыр.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша тұрғындардың басым бөлігі эвакуциялық бекеттерге бармай, туған-туыстарының үйін паналауды жөн санаған. Өткен тәулікте су деңгейі 29 сантимерге көтерілді.
Бөгетті биіктетуге 1600-ден астам адам жұмылдырылған. Көмекке Ақмола, Қостанай облыстары мен Астана қаласынан 200-ден астам әскери келді. Қазгидромет мамандарының болжамынша Есіл өзенінің деңгейі алдағы күндері тағы да көтеріледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.