Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарына ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары!
22 қыркүйек күні сағат 12:00-де халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіледі. Сіздің мобильді құрылғыларыңызға дыбыстық белгімен қоса мәтіндік хабарлама түседі.
Аталған жүйе төтенше және шұғыл жағдайларда халықты хабардар ету үшін қолданылады. Мұндай хабарламалар түскен жағдайда, көрсетілген нұсқауларды мұқият орындауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.