in

Францияда X әлеуметтік желісі бойынша тергеу басталды

Францияда Икс ((X)) әлеуметтік желісі бойынша тергеу басталды. Америкалық кәсіпкер Илон Маскке тиесілі платформа алгоритмдерді әдейі шатастыруы мүмкін деген күдік бар. Бұл туралы Париж прокуратурасы мәлімдеді.

Қаңтарда осы іс бойынша екі жеке шағым түскен болатын. Онда француз парламентінің депутаты Икс алгоритмдері шетелдік құрылымдардың мүддесіне пайдаланылуы мүмкін деп мәлімдеген.

Сонымен қатар платформада саяси тұрғыда арандатушылық, нәсілшіл мазмұндағы ақпараттар көп деп отыр. Жергілікті билік оны Франциядағы демократиялық көзқарастарға әсер етеді деп есептейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.