Ауыр атлет Алмас Өтешов әлеуметтік желіде алты айдың ішінде өмірі қалай өзгергенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол алты ай бұрынғы және қазіргі суретін салыстырып, жастарға арнап жазба жариялады және ішімдікті қалай қойғанын айтты.
«Бұл суретті салмас бұрын біраз ойландым. Жариялаудың қажеті бар ма, жоқ па деген ойлар көп мазалады. Бірақ өзіме пайдасы болмаса да, қазақтың өзге жастарына ой саларлықтай дүние болсын деп желіге жүктедім. Өйткені кей адамдар күйік пен қайғының шығар жолын «ащы сумен» шатастырып, тағдырын тәлкекке салып жатады. Ұғынған жанға, қиындықты жеңіп шығып, құтылудың жалғыз ақиқат жолы – сабырың мен иманың ғана. “Арақты қалай қойдың?” деген сұраққа Нұрсейіт Жылқышыбай бауырымның “Уақыт көрсетеді” ютуб каналындағы бағдарламасына сұхбат бергенімде, осы күннен бастап ащы суға жоламаймын деп халық алдында қасиетті Құранның атымен ант етіп, уәде еткенімнен бастау алды” деп жауап берер едім. “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап”,- деп Абай атамыз айтқандай, мені де осы азапты жолдан құтқарған ақыл мен қайраттың үстемдігі», – деп жазды спортшы.
Ол туған жеріне шақырып, қолдау білдірген аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлына, қызмет ұсынған облыстық Спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевқа және рухани қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтты.
Зілтемірші жақында Қызылорда облысының Спорт басқармасына қарасты «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары болып тағайындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Almas Uteshov (@almas_uteshov)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.