Биыл жалпы 2,1 млн гектар аумақты дәрілеу жоспарланған. Саяқ шегірткелерді улау шараларына 443 арнайы техника тартылған.
Қазір Түркістан облысында шегірткеге қарсы іс-шаралар толық аяқталды. Аймақта 371 мың гектардан астам алқап өңделді. Бұдан бөлек Ақтөбе, Қостанай, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстарын атқарып жатыр.
Түркістан облысы – 371,79 мың га
Ақтөбе облысы – 268,12 мың га
Қостанай облысы – 258,97 мың га
Жетісу облысы – 51,81 мың га
Жамбыл облысы – 74,48 мың га
Қызылорда облысы – 50,01 мың га
Батыс Қазақстан облысы – 136,66 мың га
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.