Экранды пайдалану ережесі бұзылғаны анықталды. Аталған оқиғаның бейнематериалдары мен фотосуреттері әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап кетті.
“Қазіргі уақытта экран өшірілді. Цифрлық тасымалдағыштың техникалық қауіпсіздігі мен мазмұнына жауапкершілік құрылғы иесіне жүктеледі. Экранды пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты аудандық әкімдік тарапынан иесіне қатысты әкімшілік шара қолдану басталды. Өз кезегінде конструкция иесі қала тұрғындары мен қонақтарынан орын алған оқиға үшін кешірім сұрайды”, – делінген Шымкент қаласының әкімдігі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар әкімдік үшінші тараптардың араласуы мүмкін деген нұсқа бойынша да тексеру жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.
“Материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатын болады”, – делінген ақпаратта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.