Шымкентте жұмыс істейтін жас отбасыларға жалдамалы пәтер беру тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл топтағы азаматтар мемлекеттің мұндай қамқорлығын 2019 жылдан бері пайдаланып келді.
Мегаполисте жыл сайын 1000-ға жуық жас отбасы тек жалдау ақысын төлеп, жайлы пәтерлерде тұрған. Биылдан бастап бұл бағдарлама тоқтатылып, тұрғындарға баспананы босату туралы ескерту қағазы берілді.
Енді жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ипотекалық несие беріледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.