2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 15 054 шетел азаматы еңбек етіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсаттар келесі санаттар бойынша бөлінеді:
– Бірінші санат – басшылар мен олардың орынбасарларына: 561 рұқсат;
– Екінші санат – құрылымдық бөлімшелер басшыларына: 2 348 рұқсат;
– Үшінші және төртінші санаттар – тиісінше мамандар мен білікті жұмысшыларға: 3 980 және 1 052 адам.
Сонымен қатар:
– Маусымдық жұмыстарға – 3 099 шетелдік тартылған;
– Корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 4 015 адам келді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 909 жұмыс беруші бар. Бұл кәсіпорындарда 341 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.
Салалар бойынша ең көп шетелдік қызметкерлер:
– Құрылыс – 4 929 адам;
– Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 3 140 адам;
– Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 240 адам;
– Өңдеу өнеркәсібі – 1 122 адам.
Шетелдік еңбек мигранттарының негізгі елдері:
– Қытай – 5 545 адам;
– Өзбекстан – 2 696 адам;
– Түркия – 1 076 адам;
– Үндістан – 1 052 адам.
