2025 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштер қабылдана бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тіркеу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2025 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі.
Кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
Кешенді тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге.
Төлем тіркеу кезінде портал арқылы онлайн жүргізіледі. Төлем жасалған соң ғана өтініш тіркелген болып есептеледі.
Бейінді магистратура
1-бөлім – Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест:
Шекті балл талаптары:
(білім гранты конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу үшін)
Құжат қабылдау:
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 8 шілде аралығында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу мерзімі – 2 жыл.
Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
Жалпы тапсырма саны: 100
Тестілеу ұзақтығы: 3 сағат 55 минут
Жоғары балл: 100
Шекті балл талаптары:
Тіркелу кезінде түсуші тестілеуді тапсыратын қаланы өз еркімен таңдайды.
8 шілдеге дейін қала, дайындық бағыты, білім беру бағдарламалары тобы, тестілеу тілі бойынша өтінішке өзгерістер енгізуге болады.
Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін таңдалған қала мен бағдарлама тобы өзгертілмейді.
Тестілеу орны, күні және уақыты туралы ақпарат 14 шілдеден бастап түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Шет тілінен тест тапсырудан кімдер босатылады?
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар тұлғалар қалауы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы кешенді тестілеудің шет тілі бөліміне қатыспауға құқылы. Бұл жеңілдік ресми түрде танылған халықаралық сертификаттар негізінде ғана беріледі.
Гүлшекер Сүлейменова,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті