in

Қазақстанда әйелдерге қарағанда ерлердің бос уақыты екі есе көп

Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда 15 жастан асқан ер адамдар күніне орта есеппен 5 сағат 13 минут жұмыс істейді, ал әйелдер — 4 сағат 18 минут, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Алайда, әйелдер күніне 4 сағат 5 минутын үй шаруашылығына жұмсаса, ерлер бұл іске небәрі 1 сағат 51 минут арнайды. Ер адамдардың бос уақыты әйелдерге қарағанда шамамен екі есе көп:

Жұмыспен қамтылған азаматтардың көрсеткіштері де назар аударарлық:

Бұл деректер Ұлттық статистика бюросының 2024 жылы жүргізген «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» атты зерттеуінен алынған. Зерттеу қазақстандықтардың күнделікті өмір салтын, еңбек пен жеке өмір арасындағы теңгерімді және гендерлік айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.