in

Қазақстанда 36,8 миллион тонна мал азығы дайындалды

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша барлығы 36,8 млн тонна мал азығы дайындалған, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. Оның ішінде: пішен – 25 млн тонна (жоспардың 101,9%), сенаж – 1,9 млн тонна (112,8%),

– шоғырланған жем – 3,4 млн тонна (62,2%), сүрлем – 2 млн тонна (99,1%), сабан – 4,4 млн тонна (95,8%).

Пішен дайындау жоспарының орындалуы бойынша жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (147%), Шығыс Қазақстан (116,0%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (103,2%) және Ұлытау (102,3%) облыстарында байқалды.

Сенаж дайындау бағытында жақсы нәтижелер Солтүстік Қазақстан (163%), Жамбыл (114,6%), Қостанай (107,7%), Алматы (107,5%) және Павлодар (105,0%) облыстарында тіркелді.

Дайындалған мал азығының көлемі жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ жалпы мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, республика бойынша мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.