in

Қазақстандық жүргізушілерге Петропавлдың айналма жолы жабылатыны ескертілді

СҚО-да 6 тамызда жөндеу жұмыстарына байланысты Петропавлдың айналма жолында қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған astana24.com.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 тамыз сағат 09:00-ден бастап республикалық маңызы бар "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 7-шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізіледі.

Шектеу теміржол өткелінің төсемін қайта құрастыру бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.

Жолды 6 тамыз сағат 18:00-де ашу жоспарланған.

Компания өкілдері 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салды.