in

Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық олимпиадаға қатысуда

2025 жылғы 10–20 шілде аралығында Аустралияның Саншайн-Кост қаласында мектеп оқушыларынаарналған ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі – Математикадан халықаралық олимпиада (IMO) өтуде, – деп хабарлайды   Aikyn.kz. 

Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайда өткен халықаралық дайындық жиындарынан кейін олимпиадаға жол тартты. Команда құрамында Haileybury Almaty, Spectrum International School, Nurorda Almaty, Республикалық физика-математика мектебі және «Білім-инновация» лицейінің 6 оқушысы бар. Қатысушылар қатарында Мирон Юркевич, Амирлан Аманжолов, Марғұлан Шарел, Ерасыл Алтынбек, Ерқанат Кеншілік, Амир Сахипов бар.

Ғылыми жетекшілері — PhD докторы Асылбек Исахов және олимпиада жеңімпазы Қанат Сатылханов.

Қазақстан IMO-ға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде 16 алтын, 47 күміс, 77 қола медаль және 29 құрмет грамотасына ие болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.