Ойын нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды.
Жарыс барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Чемпионат қорытындысы бойынша, бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Қытай және үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.
Сондай-ақ чемпионат барысында жоғары шеберлік көрсеткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Эрик Каскабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов – үздік либеро, ал Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы атанды.
Аталған нәтиже бойынша Қазақстан және Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6-15 маусым аралығында өтті. Жарысқа 8 ер және 7 әйел ұлттық командасы қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.