Алматы облысы Ұйғыр ауданының Кіші Дихан, Диірмен, Ават ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория және Дардамты, Шырын ауылдарындағы фельдшерлік-аккушерлік пунктардың құрылысы жүргізілуде.
Ұйғыр ауданы прокурорының орынбасары құрылыс нысандарына барып, жұмыстарының барысымен танысты.
Аталған жобалар тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мәселесін шешуді көздейді.
Жобаны іске асыру шамамен 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарына медициналық қызметтерге қол жеткізуді едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Мердігерлер уақытты қатаң әрі тиімді қолдануға және жұмыстың сапасын қамтамасыз етуге және қаражатты тиімді пайдалануға бағытталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.