in

Қаражат жинауға қатаң тыйым салынады: министрлік мектеп бітіру кешіне байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанда мектеп бітіру кешін өткізуге байланысты талаптар нақтыланды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Ведомствоның мәліметінше, қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады.

"Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады.

Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады.

Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді", – делінген Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдемесінде.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған.

Ал ішкі істер органдарына құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылған.