Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысы қолданыстағы өнімді бөлісу туралы келісім шеңберінде тоқтатылды.
Министрліктің мәліметінше, жобаны қолданыстағы өнімді бөлісу туралы келісім аясында әрі қарай жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім жобаға қатысушы акционерлермен бірлесіп қабылданған.
«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жобаны басқа жолмен жүзеге асырудың баламалы механизмдерін қарастыруды бастады. Бұл ретте ұлттық компаниялардың қатысуына басымдық беріледі», – делінген ресми хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.