in

Қарағандыда оқу бағдарламасына футбол сабағы енгізілді

Қарағанды облысында биылғы оқу жылынан бастап бірнеше мектепте футбол сабағы өткізіледі. Осыған орай дене шынықтыру пәні және бастауыш сынып мұғалімдері арнайы семинарда бас қосты.

Семинарға облыстың түкпір-түкпірінен 61 мұғалім қатысты. Олар үшін дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды кәсіби жаттықтырушылар өткізді.

Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдерге UEFA D санатында жаттықтырушы лицензиясы берілді. Енді олар жаңа оқу жылынан бастап балаларға футболдан сабақ береді. Бұған қоса әуесқой футболшыларды да жаттықтыру құқына ие болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.