in

Қарқаралы маңында орманда жоғалған бала аман-есен табылды

Қарағанды облысында орман ішінде жоғалып кеткен бала табылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Оқиға Қарқаралы қаласынан шамамен 4 шақырым жерде, Шайтанкөл көлінің маңында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2015 жылы туған бала ата-анасымен бірге демалыста жүрген кезде көзден таса болған. Хабар түскен бойда оқиға орнына құтқарушылар мен кинологтардан құралған арнайы топ жөнелтілді.

Құтқару жұмыстары нәтижесінде бала сәтті табылып, ата-анасына аман-есен қайтарылды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бала медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

ҚР ТЖМ бала табылған сәтте үйлесімді әрекет еткен барлық құтқарушыларға алғысын білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз