ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 11 наурыз сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “РФ шекарасы – Мартүк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы” автожолының 1153-1240 шақырым аралығы (Ырғыз ауылынан – Қызылорда облысының шекарасына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі», – делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
