in

Қор жетсе де, қол жетпейді

Оның 41-і теміржол тұйығында болса, 14-і қойма ішінде орналасқан. Ал жалпы облыс қоймаларындағы қор 29 мың тонна, оның ішінде 11 мың тоннасы Қарағанды қаласының өзінде өндіріледі.

Қарағанды бойынша бекі­тілген көмір бағасы бар. «Шұ­бар­көл» кө­мірінің тоннасына орташа құны – 19 100 теңге, «Кузнецк» кө­мірінің тоннасы – 16 500 теңге, ал «Май­күбінікі» – 16 000 теңге шамасында. «Шұбаркөл» көмірі Қарағандының өз басында 15 500-15 800 теңге аралығында саудаға түсуде.

Дегенмен баға тұрақсыздығы да байқалады. Қала маңындағы елді мекендерге көмір арзан ба­ғаға жет­кізілсе, қашық ауылдарға сәл қым­батқа тасымалданады. Былайша айтқанда, көмірдің бағасына отын­ның сапасынан гөрі жолдың алыс­тығы әсер етіп отыр. Көмір баға­сының өзгеруіне тасымалдау нүк­­телерінің қашық­тығы да әсер етеді. Мысалға, Нұра, Ақтоғай ­ау­дандарына ва­гон-вагон көмір таси­тын теміржол тұйығы жоқ.

– Құнның қалыптасуына, ең алдымен, логистика ықпал етеді. Біздің өңір көмір өндірісінде озық технологияларды қолданады. Жы­лыту маусымы жақындап қал­ған­дықтан әр өндіріс ошағын жіті бақылаудан өткізіп жатырмыз. Баға тұрақтылығы мен халықты оты­н­мен қамтамасыз ету – қатаң бақылауда, – дейді облыстық кә­сіпкерлік және индустрия бас­қар­масы басшысының орынбасары Ақдидар Рымбек.

Аймақ тұрғындарына сапалы көмір жеткізіп отырған негізгі қойманың бірі – Пришахтин­скідегі «ПСВ86» ЖШС айлағы. Мұн­да жыл бойы «Шұбаркөл» кө­мірі сау­даланады. Бұл отынның басқа отын­дардан айырмашылы­ғы – қызуы қатты әрі күлі аз.

Қоймада қазірдің өзінде ша­мамен 5 мың тонна көмір бар. Бұған қоса, тәулігіне тағы 500 тон­наға жуық жеткізіліп отырады. Күн сайын мұнда облыс аума­ғы­ның әр түкпірінен жүк көліктері үздіксіз келіп, кезекпен көмір тиеп әкетіп жатыр.

– Біздің қойма жыл он екі ай жұ­­мыс істейді. Жаз мезгілінде де көмірге сұраныс жоғары. Монша жағып, та­быс табатындардың бар­лығы біздің көмірімізді тұтынады. Біздегі қызу жұмыс енді басталды. Қысқа қамдан­ған халықтың қара­сы қалың. Қор жеткілікті. Біз кү­ні­не көмір тиелген 100-150 жүк көлігін жөнелтеміз, – дейді қойма басшысы Никита Аносов.

Мұнда аталған көмір 15 800 теңгеден саудаланып жатыр. Был­тырғы бағадан сәл жоғары. Қойма басшылығы себебін теміржол тасымалы тарифтерінің өсуінен деп түсіндіреді. Әйтсе де, белгі­лен­ген шекті сомадан асқан жоқ.

Аймақ атырабындағы көмір өндірудің өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорындардың бірі – «Рапид» ЖШС. Мұнда «қара алтын» ашық әдіспен емес, жерасты тәсілімен алынады. Сол себепті мұндағы көмірдің бағасы да басқаларға қарағанда едәуір жоғары.

– Біздің компания Үкімет­пен 2001 жылдан бері келісім­шарт не­гізінде жұмыс істеп ке­леді. Біз бұ­­­рын жабылған шахталар­дың ор­нында қайта құ­рыл­дық.  Қазіргі таңда жаңа тех­ноло­гияларды пай­даланып, жерасты әдісімен көмір өндіреміз. Көбіне біздің өнімді «Ақтау» цемент зауыты тұтынады. Сапа бағаға сай, – дейді кәсіп­орынбасшысы Андрей Белов.

Бұл көмір – облыс бойынша ең қымбат көмірдің бірі. Тонна­сы – 25 мың теңге. Соған қара­мас­тан өз тұтынушылары бар. Қа­рапайым халықтан гөрі өнді­ріс орындары мен арнайы ме­кемелер сатып алады. Әсіресе, апталық пешке ең тиімдісі осы дейді. Де­генмен көмір қоры жеткілікті бол­ғанымен, ауылда көмір қымбат. 

– Бізге көмір әкеліп сататын­дар жеткілікті. Жақында Шұ­бар­көл көмірінің тоннасын 22 мың теңгеден сатты. Еріксіз алдық. Те­мір жолдың бойында отырған­дықтан бізде сәл арзандау. Алыс ауылдарға қиын. Оларға барғанша бірнеше есе өседі, – дейді Шет ауданына қарасты Жарық кенті­нің тұрғыны Алмас Жұмаділдә. 

Иә, алыстаған саған қымбат­таған көмірге жеткізу құны да қо­сылады. Абай ауданы Южный кен­тінің тұрғыны Салтанат Бо­ша­нованың сөзінше, екі тонна көмір алу үшін 66 мың теңге жұмсаған. Жеткізушілер топ базаның өзінде баға 19 мыңнан екенін айтыпты. Сонда жай тасымалдап бергені үшін ғана 28 мың теңге алған.

Ауылдағы ағайын қыстан шы­ғудың жолы «көмір түсіру мен мал­дың жемшөбі» дегенді айтады. Бі­рақ алғашқысының құны қалта қағып тұрғандай көрінеді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы