in

“Құрттыңдар ғой, сеніп қалдым”: Мақпал Жүнісова ренішін білдірді

Өнер иесінің айтуынша, тойдан кейін өз еркімен шығарып салуға уәде берген азаматқа сеніп, ақыры ұшағынан қалып қойған.

“Шымкентке тойға келдік. “Такси шақырмаңыз, өзім шығарып салам” деген соң сеніп қалдым. Ертеңіне әлгі азаматқа хабарлассам, телефонын көтермейді. Ақыры өзім такси шақыртып, әуежайға келсем – ұшақ ұшып кеткен”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Әнші бұл жағдайдың салдарынан алдын ала келісілген екі тойға қатыса алмайтынын айтып, Алматыдағы тапсырыс берушілерден кешірім сұрады.

“Алматыда екі тойға алдын ала тапсырыс алып қойғанмын. Енді үлгере алмай қалдым. Ақшаларын қайтарып берем. Бірақ, жігіттер, келем деп айтқан соң келу керек қой. Осылай құрттыңдар ғой…” – деп әнші ренішін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.