in

Үсік жүріп, ауа райы бұзылады: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Ертең, 26 сәуірде Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылуы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері ресми сайтында хабарлады.

Қызылорда облысында солтүстік пен орталықта жаңбыр, найзағай, жел және шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл, жел екпіні 20 м/с дейін жетеді.

Абай облысында оңтүстік, шығыс және орталықта жаңбыр мен найзағай, солтүстігінде тұман болады. Түнде температура күрт төмендеп, 1-6° жылы, батысында -2° дейін үсік күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін. Қостанай қаласында жаңбыр мен найзағай болады.

Жетісу облысында шығыс пен таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, Алакөл маңында екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі, солтүстік пен шығыста тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел және тұман, жел екпіні 20 м/с дейін.

Түркістан облысында таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с. Шымкент пен Түркістан қалаларында жел екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел, батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін. Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел, жел екпіні 28 м/с дейін.

Жамбыл облысында таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай және тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел, батыс пен оңтүстікте тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с. Ақтауда жаңбыр, найзағай және тұман, жел екпіні 20 м/с дейін.

Ақмола облысында батыс, солтүстік және оңтүстікте жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с дейін. Көкшетауда күндіз жаңбыр мен найзағай, жел екпіні 20 м/с дейін.

Астанада жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте жаңбыр мен найзағай болады. Түнде температура 1-6° дейін төмендеп, батыс пен солтүстікте үсік болады. Жел солтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік, шығыс және орталықта жаңбыр мен найзағай, батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман, жел екпіні 15 м/с дейін.

Атырау облысында батыс, солтүстік және шығыста жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр, найзағай және дауылды жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз жаңбыр мен найзағай, жел екпіні 18 м/с дейін.

Қарағанды облысында солтүстік, оңтүстік және шығыста тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыс пен солтүстікте екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жел оңтүстіктен соғады, батыс пен солтүстікте екпіні 15-20 м/с.