Алматыда мұғалім жол апатынан көз жұмды, – деп жазды Aikyn.kz.
Оқиға 28 мамырда Алматы маңында болған. Бұл туралы Ұлттық мектеп жобасының жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы әлеуметтік желіде жазды.
Оның айтуынша, әріптесімен бірге бірнеше адам көз жұмған.
«Биыл көлік оқиғасы десе жаным түршігетін болды. Күні кеше ойнап-күліп сабақ беріп жүрген мұғалім бүгін жоқ. Махаббат Нұрлыбекқызы QAZBILIM Алматы ұлттық лицейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі еді. 30 мамыр еңбек демалысына шығып ауылға барамын деп дайындалып жүрген. Өкінішке қарай, 28 мамыр Алматы маңында көлік апатынан көз жұмды. Отбасы, мектеп әкімшілігі 3-4 күн іздедік, бірақ, денесі мәйітханадан табылғаны еңсені езіп кетті. Ашық-жарқын, мақсаты анық қыз еді. Жаздай дайындалып IELTS тапсырып, жалғасты оқимын деп жүр еді. Оқу жылының соңын аяқтады да, кете барды. Бүгін ағасы денесін туған жері Аралға алып қайтты. Тағы да сол өзгенің қателігінен бір қыршын көз жұмды. Тіркемесінен ажыраған КамаАЗ көлігі әріптесіміз мініп бара жатқан таксиді жаншып, барлық адам сол жерде көз жұмған», – деп жазды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.