in

Әлемдік рекорд: Мемлекеттік Ту 180 метрлік биікке көтерілді

Рәміздерге деген зор құрметтің айқын көрінісіне айналған бұл ерекше оқиға Гиннестің рекордтар кітабына енді, – деп хабарлайды Аikyn.kz  24.kz-ке  сілтеме жасап.

Осыған орай Ертіс өңіріне Дүниежүзілік рекордтар кітабының Азия мен Африка елдері бойынша ресми өкілі арнайы келді. Тудың ені – 8 метр, ал ұзындығы – 16 метр. Ал жалпы ауданы – 128 шаршы метр. Бұған дейін әлемдегі тулардың көлемі 60 шаршы метрден аспаған.

«Дүниежүзілік рекордтар кітабына ресми түрде кіретін болады. Енді барлық ақпараттар бойынша біз 192 мемлекетке бұл хабарды таратамыз. Сондықтан Дүниежүзілік рекордтар кітабының атынан ресми түрде сізге айтамыз. Биыл желтоқсан айында кітаптың салтанатты ресми ашылуы, сондықтан міндетті түрде Павлодар облысын, әкімдігін, Павлодар қаласының тұрғындарын осындай керемет көрсеткішпен құттықтаймыз. Әлемдік рекорд орнатты», – Дүниежүзілік рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.