Күні кеше әншінің блогер ұлы Олжас Еспанов үйленіп, әулетке келін түсті. Тойдың видеосын әнші желіге жүктеген.
“Ал той құтты болсын! Алланың қалауымен үлкен тойды өткізіп алдық! Барша құттықтап жатқан жандарға рахмет! Осындай той баршаңызға жұғысты болсын!”, – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Бұған дейін әншінің ұлы Олжас Еспанов сүйіктісімен некесін қидырған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.