in

“Әр оқыған сүреге 5 мың теңге”: мешіттегі имамдардың жаназадан қалай ақша жасайтыны айтылды

Павлодардағы мешітте имамдар жаназа шығару кезінде әр оқыған сүре үшін қосымша ақы алатыны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен таралды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты “Жалобы Павлодар” Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Олардың жазуынша, оқиға Павлодардағы ақ мешітте орын алған. Жергілікті тұрғын туысының жаназасын бермек болып, молданың қызметіне жүгінген.

– Өкінішті, жақынымыз дүниеден өтіп, отбасымыз қара жамылды. Соның асын беріп, жаназасын өткізбек болдық. Алайда елдің қайғысынан өзіне ақша жасап отырған ортаға түстік. Олардікі кәдімгі бизнес. Молдаға төленетін ақыдан бөлек әр қадамына ақы алынады. Құран оқыған әр сүреден кейін тағы қосымша сома сұралады. Бұған қоса, басқа да ұсынылатын қызметтер «қосымша төлеммен» төленеді. Егер бәрі заңды болса, неге белгіленген тарифі көрсетілмейді. Оған қоса, молда құранға келген жұртқа “дастарқаннан ештеңе алмаңыздар, ертеңгі күні сіздердің үйіңізге қайғы келуі мүмкін деп шошытты. Мұны естіген жұрт шошып, ешкім ештеңе алмады. Осылайша, ата-баба дәстүрімізге қайшы келіп, сарқыт тарату дәстүрі бұзылды. Ешкім ештеңе алмады. Осындай жағдай ертеңгі күні жиілесе, не болмақ?, – деп жазған парақшада оқырман. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Жалобы Павлодар (@zhaloby_pavlodar)