in

Өмір жолы өнеге жан

Сондай жандардың бірі – Шымкент қаласындағы «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының №5 аудандық бөлімшесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып қызмет атқарып жүрген Айнабай Садуов.

Айнабай Қабылұлы – техникалық салада бай тәжірибесі бар, ісіне адал беріл­ген, еңбекқор маман. Оның жалпы еңбек өтілі тоғыз жыл. Бұл жылдар – табандылық пен төзімділікке, кәсіби ше­бер­лік пен ұқыптылыққа толы еңбек жо­лы­ның айғағы. Маман иесінің еңбек­қор­лық қасиеті бала кезінен қалыптасты. Ол 1970-1980 жылдары Қызылорда облысы Қазалы ауданы Карл Маркс совхозындағы У.Түктібаев атындағы №24 орта мектепті тә­мамдады. Мектеп қабырғасынан-ақ Айна­бай Қабылұлы жауапкершілігімен, тәр­тіпке бейімділігімен және кез келген іске тиянақты қарауымен ерекшеленген.

Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент қор­ғасын зауытында бастаған Айнабай Қа­былұлы өндірістің ауыр әрі жауапты са­ласында 16 жыл бойы тынымсыз еңбек етті. Ол осы жылдар аралығында слесарь, шаң жинау қондырғысының операторы, аппаратшы, сондай-ақ гидрометаллург сынды түрлі техникалық қызметтерді абы­роймен атқарған. Ол жұмыс істеген жыл­дары зауыттың өндірістік үдерістері күрделі әрі қауіпті болғанымен, Айнабай Қабылұлы өз мамандығын жетік меңгеріп, өндіріс қауіпсіздігі мен тиімділігін арт­тыру­ға үлкен үлес қосты. Әріптестері оны ең­бекқорлығы, ұқыптылығы және сабыр­лығы үшін ерекше құрметтейді.

2000 жылдардың басында да Айнабай Қабылұлы техникалық саладағы еңбегін жал­ғастырып, 2012-2016 жылдары «3-Энер­гоорталық» АҚ-да 3-дәрежелі от жа­ғушы қазандық машинисті қызметін ат­қарды. Қауіп-қатері мол, үлкен жауап­кершілік жүктелетін бұл жұмыста ол кә­сіби біліктілігімен, адалдығымен көзге түс­ті. Қызмет барысында әріптестерінің се­німіне ие болып, жас мамандарға тәлім­герлік етті. 2016 жылдан бері ол «Қуат­жылуорталық-3» МКК-нің №5 аудандық бөлімшесінде сорғы қондырғыларының 3-дәрежелі машинисі ретінде еңбек етіп келеді. Бұл –  қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ететін аса маңызды өндірістік желілердің бірі. Айнабай Қабылұлының басты мақсаты – жылу жүйелерінің тұрақ­ты әрі сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Ол өз ісінде жоғары кәсіби шеберлік та­нытып, әрбір жұмыс процесіне мұқият қа­райды. Кез келген техникалық ақауды уақыты­лы анықтап, оның алдын алу ша­ра­ларын жүргізу – оның күнделікті мін­деті ғана емес, өмірлік қағидатына айнал­ған жауапкершіліктің көрінісі.

Бүгінде Айнабай Қабылұлы өз әріп­тестері арасында зор беделге ие. Ұжым мүшелері оны сабырлы мінезі, тура­шыл­дығы және тәжірибесін бөлісуге әр­дайым дайын екенін бағалайды. Ол жас маман­дар­ға еңбек мәдениетін, қауіп­сіздік талап­тарын үйретіп, өз ісіне деген адал­дықтың үлгісін көрсетіп келеді. 

– Кім қандай істі атқарса да, жүрекпен беріліп, жауапкершілікпен істесе, сол адам­ның еңбегі еленбей қалмайды. Ең бас­тысы – еңбек арқылы елге қызмет ету, – дейді ол. Қарапайым болғанымен, осынау  мәнді сөздер оның өмірлік ұстанымын айқын сипаттайды. Мұндай еңбек адам­дары – ел дамуының, қоғам тұрақтылы­ғының негізі. Айнабай Қабылұлы сынды  азаматтардың еңбегі  еліміздің эконо­ми­калық қуатының артуына, өн­ді­ріс сала­сының өркендеуіне және ха­лық игілігінің көбеюіне себепкер.

Шымкенттің өндіріс қуатын арт­ты­рып, қала тұрғындарының тұрмыс сапа­сын жақсартуға үлес қосып жүрген осын­дай еңбек майталмандарының еңбегі – жастар үшін үлгі, қоғам үшін мақтаныш.

Н.ҚАЛМЫРЗАТЕГІ,

Шымкент қаласы