in

“120 мың адам”. Қарағандыда кеншілер күнінде ауқымды концерт өтті

Құйқалы өңір жер астындағы мол қазынасымен де танымал. Көмір өнеркәсібі бүгінде облыс экономикасының 2,8%-ын, ал жалпы өндіріс көлемінің 6,4%-ын құрайды.

Өңірдегі 10 шахтадан соңғы 7 айда 21,6 млн тонна көмір өндірілген, оның 4,5 млн тоннасы Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан сынды алыс-жақын шет елдерге экспортталады. Жалпы, көмір өндіруде облыста тұрақты оң динамика байқалады. Былтыр 20,4 млн тонна өндірілсе, биыл ол көрсеткіш 5,8%-ға артты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей мәлімдеді.

Осындай қажырлы еңбек пен табанды күш-жігердің қадірі ерекше бағаланатын сәт – Кеншілер күні. Айтулы күнге орай облыста 40-қа жуық түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қарағандыда 120 мыңға жуық адам тамашалаған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бүгін Шахтинск, Абай және Саран қалаларында мерекелік шаралар жалғасуда. Шара аясында көрермен қауым әртістердің өнерін тамашалап қана қоймай, жеті қат жер астынан қара алтын өндіретін кеншілеріміздің мемлекеттік наградалармен марапатталған сәтінің куәсі болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.