in

3 мыңнан астам мектеп тексеріледі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін 3 025 білім беру ұйымын айқындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 1 170 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестация жүргізген.

Іс-шаралар білім беру процесіндегі проблемаларды анықтауға, білім беру процесінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған.

«Өткен жылы Комитет пен оның аумақтық департаменттері 2 487 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізді, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақытылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмеуі фактілері анықталды», – деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.

Айта кету керек, бақылау іс-шараларын жүргізу білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын, оның ішінде педагогтердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.