in

30 қазанда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 30 қазан, бейсенбіге арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның сілемі әсерінде болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады, батыста нөсер жаңбыр болады. 

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша тұман түсіп, батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшеюі мүмкін.

Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында, Алматы мен Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысында және Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шөлейт аймақтарында, Атырау облысының шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында төтенше жоғары өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.