in

37 градус ыстық, жаңбыр мен бұршақ: алдағы үш күнде елімізде күн райы қандай болады

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан бойынша 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елде аптап, кей өңірлерде жаңбыр мен бұршақ күтілуде, деп хабарлайды astana24.com.

Синоптиктердің мәліметінше, баяу жылжитын батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпал етеді. Соған байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

9-11 маусымда республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Аталған күндері шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндізгі ауа температурасы: