in

38 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 маусымда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.