Синоптиктер маусымда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Консультативтік болжамға сәйкес, 2026 жылғы маусымда айлық орташа ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2°С жоғары, республиканың батыс өңірлерінде норма шамасында болады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, ал елдің батыс пен солтүстік-батыстың жекелеген аудандарында көпжылдық орташа көрсеткіштерден көп болуы ықтимал.
Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша өткінші жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұруы ықтимал, ал Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында кей уақытта қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жекелеген күндері шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі:
Ауа температурасының ауытқуы:
Онкүндіктің басында республиканың шығысы мен орталығында күндіз ауа температурасы +33+39°С-қа дейін жоғарылайды. Алайда онкүндіктің қалған кезеңінде ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+20°С, күндіз +25+33°С шамасында болады деп болжанады.
"Маусымның екінші және үшінші онкүндіктерінде ыстық ауа райы кезең-кезеңімен найзағай, желдің күшеюі байқалатын салқын әрі жаңбырлы күндерге алмасып отырады, ал жекелеген аудандарда бұршақ пен шаңды дауыл болуы ықтимал", – дейді синоптиктер.
Температуралық фон да тұрақсыз болады:
