Шілде айының алғашқы жексенбісінде ұлттық аспап ұлықталады. 2018 жылы Президенттің бастамасымен бекітілген бұл мереке ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі мәдениетке қызығушылығын оятуға және ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға бағытталған.
Елде 300-ге жуық іс-шара жоспарланған. Бүгін Алматыда ашық алаңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің мерекелік концерті өтеді. Көктөбеде Dombyra party атты салтанатты концерт ұйымдастырылады.
Астанадағы амфитеатр алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт болады.
Сонымен қатар елде Домбыра күніне арналған челлендж өтіп жатыр, оған 100-ге жуық мәдениет саласының көрнекті өкілі қатысады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.