in

Face ID: 1826 медициналық ұйымға веб-камералар орнатылды

Енді дәрігердің қабылдауына кіргенде Face ID арқылы тексеріледі. Осылайша барлық дерек автоматты түрде шығады. Ал егер веб-камераға түсуге қарсы болған жағдайда, цифрлық құжатты ашып, 6 таңбалы кодты айту керек. Қазір 1826 медициналық ұйымға веб-камералар орнатылған.

Бұл дәрігерге қаралды деген жалған деректерді азайтуға ықпал етеді.

Түрлі заңсыздыққа атп болған жағдайда   «Қолдау 24/7» қосымшасы арқылы шағым жасауға болады. Заңсыздық анықталған жағдайда медицина қызметкеріне айыппұл салынады.

Жалпы елімізде дәрігердің қабылдауында болды деген 46 мың жалған дерек анықталған. Салдарынан бюджетке 818 млн теңге шығын келген.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.