in

MEGA Alma-Ata шамамен 21 млрд теңгеге жаңарту жұмыстарын аяқтауда

Еліміздегі ең танымал СОО ауқымды жаңғыртуды аяқтауда. 20 жыл ішінде MEGA Alma-Ata қалалық ортаның бір бөлігіне айналды, ал Алматының бұрынғы шеті болған аймақ – мегаполистің ең қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі, деп хабарлайды Mega Park.

2000 жылдардың ортасында, MEGA Alma-Ata-ның бірінші кезегі салынып жатқан кезде, күнді осылайша өткізудің форматы қаншалықты сұранысқа ие болатынын және заманауи сауда-ойын-сауық орталығында шопинг жасау мен мейрамханалардан бастап кино, ойын-сауық, кездесулер мен қалалық іс-шараларға дейінгі түрлі сценарийді біріктіруге болатынын болжау қиын болды.

"Бүгінде MEGA Alma-Ata еліміздегі кез келген басқа ғимаратқа қарағанда келушілерді көбірек қабылдайды. Келушілердің мұндай үлкен ағыны инженерлік жүйелер мен СОО-ның барлық инфрақұрылымын жиырма жыл бұрынғыға қарағанда анағұрлым қарқынды пайдаланады дегенді білдіреді. Сонымен қатар жалға алушылардың, оның ішінде халықаралық брендтердің сауда үй-жайлары мен техникалық жарақтандыруға қоятын талаптары да өсуде, қауіпсіздік стандарттары жетілдірілуде. Сондықтан MEGA Alma-Ata-ның жаңартылуы сауда орталығының сыртқы келбетін өзгертуден де әлдеқайда маңызды жұмыс", – деп атап өтті Mega Management бас директоры Айжан Төлемісова.

Жаңарту жұмыстары мәре сызығына жақындай түсті

СОО-ны ауқымды жаңғырту аяқталуға жақын. 2024 жылы мұнда құны 2,5 млрд теңгені құраған интерьерді жаңарту жұмыстары аяқталды, ағымдағы кезең аяқталғаннан кейін ғимаратты жаңартуға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21 млрд теңгеге жетеді.

Жаңарту келушілерге көрінбейтін техникалық жұмыстарды да, сауда орталығы мен оған іргелес аумақтың көрінісін өзгертетін түрлендірулерді де қамтиды:

Бұл ретте СОО қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Команда бұл тәсілді 2024 жылы интерьерді жаңарту кезінде қолданды. Жұмыстар жергілікті түрде және кезең-кезеңмен жүргізіледі: жекелеген учаскелер дәйекті түрде жабылады, бұл ретте негізгі кіреберістер мен маршруттар қолжетімді және қауіпсіз болып қалады.

Жалға алушылар да сауда орталығын дамытуға мүдделі. Қоршаған ортаның, инженерлік инфрақұрылымның, автотұрақтың және оған іргелес аумақтың сапасы келушілердің жайлылығына да, бизнес жүргізу жағдайларына да әсер етеді. Сондықтан MEGA-ның көптеген серіктесі жаңарту жұмыстарына қолдауын білдіріп, өз тарапынан дүкендерге инвестиция салады, жаңа форматтарды енгізеді және оларды сатып алушылардың өзгеріп отыратын сұраныстарына бейімдейді.

Левитан көшесінде не өзгерді

Ауданда белсенді жүріп жатқан құрылыс пен көлік ағынының өсуіне байланысты Левитан көшесіне түсетін жүктеме артуда.

Оның өткізу қабілетін арттыру үшін MEGA Alma-Ata жағынан СОО-ның жер учаскесі есебінен шығыс бағытта қосымша қозғалыс жолағы қосылды. Сонымен бірге жаяужол абаттандырылып, оның бойы көгалдандыру жолағымен қамтамасыз етілді.

20 жыл бойы MEGA Alma-Ata қаламен, бөлшек сауда нарығымен және келушілерінің өмір салтымен бірге өзгеріп отырды. Қазіргі кезең осы логиканы жалғастыруда: сауда орталығы келушілер үшін ыңғайлы, қауіпсіз және өзекті болып қалуы керек және осы жерде жұмыс істейтін брендтердің талаптарына сай болуы керек.

*Серіктес материалы