Енді бұл құрылғылар полиция қызметкерлеріне іздеу жарияланған көліктерді анықтауға көмектеседі.
Ішкі істер министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ және Sergek әзірлеушілері жаңа технологияларды бірге сынақтан өткізіп жатыр.
Sergek жүйесімен интеграцияланған дрондарды қолдану жол ережесін бұзғандарды, алимент төлемегендер мен борышкерлерді анықтауға, ақпаратты полиция планшеттеріне жылдам жеткізуге және сол арқылы құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.