in

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Синоптиктер 7-9 сәуірге арналған күн райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Метрологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде және солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Батыста және оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, ал солтүстікте жауын-шашын мол түседі.

Республика бойынша жел күшейіп, батыста және оңтүстікте бұршақ жауып, дауыл тұруы да ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, тек елдің шығысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Сондай-ақ Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +3…+15 градусқа дейін төмендейді.