in

Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орны бұзылды

Алматыда меншік иесі сот шешімінен кейін заңсыз салынған көлік жуу орнын өз еркімен бұзды, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Заңсыз салынған нысан Алғабас шағынауданында, Ф. Оңғарсынова көшесі, 80/1 мекенжайында орналасқан.

"Бұған дейін жоспардан тыс тексеру аясында нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама орындалмаған", – делінген хабарламада.

Осыдан кейін материалдар Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

"Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен нысан иесі кінәлі деп танылып, құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылды. Нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзды", – делінген хабарламада.