in

Алматыда қоғамдық көлік бір күнге тегін болады

Алматыда 23 тамызда яғни Құрылтай сайлауы өтетін күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлайды мегаполис әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін жол жүру мүмкіндігі енгізілген.

"Күні бойы қоғамдық көліктің барлық бағытында – автобустарда, троллейбустарда және метрода жол жүру тегін болады", – делінген хабарламада.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын сапарын алдын ала жоспарлап, дауыс беру күні қала ішінде қолайлы қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада Құрылтай депутаттарын сайлау күні қоғамдық көлікте, соның ішінде барлық автобус бағдарлары мен Tarlan Astana (LRT) желісінде жол жүру тегін болатыны хабарланған еді.