2026 жылғы 25 шілдеден бастап Алматыда №61, №218 және №238 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды astana24.com Almaty Joly-на сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, мұндай шешімді қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде көлік қозғалысының ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтың іске қосылуына байланысты қабылдаған.
Өзгеріс қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ жаңартылған көше-жол желісін тиімді пайдалануға бағытталған.
25 шілдеден бастап маршруттар мына сызба бойынша қатынайды:
№218 маршрут
№238 маршрут
"Жолаушылардан сапарын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерісті ескеруді сұраймыз. Жаңартылған қозғалыс сызбалары туралы ақпарат аялдама пункттерінде, сондай-ақ қаланың ақпараттық қосымшаларында жарияланады", – делінген хабарламада.
