in

Астанада LRT пойызы таныстырылды: ол пилотсыз режимде жүреді (фото, видео)

Елордада LRT нысандарын таныстыру мақсатында алғашқы баспасөз туры өтті, журналистерге пойыздар мен жеңіл рельсті көлікті басқару орталығы көрсетілді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

LRT бағыты Астананың негізгі көшелері мен аудандары арқылы өтетіні белгілі болды:

LRT сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Пойыздар сағатына 60 км жылдамдықпен жүреді, ал ең жоғары жылдамдығы 80 км/сағ болады.

LRT пойыздары толықтай автоматты режимде – пилотсыз, заманауи GOA 4 деңгейлі басқару жүйесімен жұмыс істейді:

LRT басқару орталықтарында деректер көрсетілетін үлкен экрандар ілінген және процесті онлайн бақылайтын диспетчерлер отырады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада LRT сынақ режимінде жүруді аяқталды. Қазіргі уақытта желілерде тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.