Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Е13 және Е14 көшелері маңында 5-7 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы astana24.com Астана әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.
Астана әкімдігінің мәліметінше, Күлтегін көшесінен Е15 көшесіне дейінгі учаскеде суды бұру мақсатында жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарды орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты биыл 5-7 қыркүйек аралығында схемаға сәйкес аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында жол белгілері мен бағыттағыш көрсеткіштер орнатылады", – делінген әкімдік хабарламасында.
