Астанада автобус күту уақытын қысқарту үшін 29 қосымша автобус шығарылады, олар 12 қалалық бағыт бойынша жүреді. Бұл туралы әкімдіктің iKomek109 орталығына сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, көлік қызметін көрсету сапасын жақсарту мақсатында 19 қазаннан бастап 12 қалалық бағдардағы автобустар саны 29-ға көбейтіледі. Олар тек жұмыс күндері қатынайды.
"Автобус санын арттыру күту уақытын қысқартуға және сапарларды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада автобуста жол жүру тарифі көтерілетінін, енді жолаушылар 150-ден 400 теңгеге дейін төлейтінін жазған едік.
