ҚазАвтоЖол Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қо йылғанын мәлім етті , – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы 26 қаңтар сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:
– «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856 — 917 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін);
– «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377 — 595 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
– «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232 — 260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
– «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы);
Жолды 2026 жылғы 27 қаңтар сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
