in

Белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу нормасы Конституцияға қаншалықты сәйкес келеді

Конституциялық сот Қылмыстық кодекстің белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу нормасының Ата заңға сәйкестігін тексереді. Бұл туралы astana24.com соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Конституциялық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Конституциялық сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш беруші мемлекеттік қызметші санатына жатпайтын және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнаулы субъектісінің белгілеріне ие емес адамға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салуды қолдану әділеттілік, мөлшерлестік және жауаптылықты даралау қағидаттарын бұзуы, сондай-ақ еңбек ету құқығы мен кәсіптік қызметті еркін таңдау құқығын шектеуі мүмкін деп есептейді.

Қарау нәтижелері Конституциялық соттың ресми сайтында және Telegram-дағы арнасында хабарланады.